БастыСпорт
Trending

«Лайықты қарсылық көрсете алдым»: Елена Рыбакина Дохадағы жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Катардың Доха қаласында өткен, санаты WTA 1000 турнирінің ширек финалындағы жеңілісіне қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған бәсекеде Елена канадалық Виктория Мбокоға есе жіберді. 2 сағат 25 минутқа созылған тартысты кездесу 5:7, 6:4, 4:6 есебімен аяқталды. Рыбакинаның айтуынша, бұл матч ол үшін нағыз төзімділік сыны болған.

— Өте қиын матч болды, бірақ мен мұндай деңгейде қарсылық көрсете алғаныма қуаныштымын. Көптен бері мұншалықты ұзаққа созылған кездесу өткізбеген едім. Мысалы, Аустралияда матчтар арасында демалыс күні болатын, әрі финалдан басқа барлық ойындарымды екі сетте аяқтағанмын. Соған қарамастан, Дохадағы турнир мен үшін сәтті болды деп есептеймін. Корттан тыс жерде де біраз жұмыс атқаруға тура келді. Бұл алдағы жарыстарға жақсы дайындық болды, — деп келтіреді Рыбакинаның сөзін Tennis.com.

Айта кетейік, Дохадағы дода Елена Рыбакина үшін мансабындағы екінші «Үлкен дулыға» титулын иеленген Australian Open-2026 турнирінен кейінгі алғашқы жарыс болды.

TuraNews

Back to top button