БастыҚоғам

«Күшіміз бірлікте» акциясы жарияланды

Бүгін елімізде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Волонтерлер де белсенді көмек көрсетіп жатыр.

Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Министрлік Ұлттық волонтерлік желімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп «Күшіміз бірлікте» акциясын жариялады. Қазіргі уақытта барлық өңірде волонтерлердің фронт-офистерінің базасында волонтерлік штабтары құрылып, 20 мыңнан астам волонтерлер тартылды. Бұл туралы ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова ОКҚ алаңында мәлімдеді.

Бірыңғай байланыс орталығы құрылды, сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсетуді мақсатында волонтерлерді үйлестіру және бөлу үшін аймақтық байланыс орталықтары құрылды. Волонтерлердің өңірлік Төтенше жағдайлар департаменттерімен өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

TuraNews

Back to top button