Спорт

Криштиану Роналду тарихи нәтижеге қол жеткізді

Криштиану Роналду ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартты

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ұлттық командалардың ресми матчтарында 100 гол соққан тарихтағы тұңғыш футболшы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

2024 жылғы Еуропа чемпитнатының іріктеу кезеңінде Португалия өз алаңында Лихтенштейнді қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Роналлу дубль авторы атанды.

Бұл – португалиялық шабуылшының ұлттық құрама сапындағы 197 ойыны. Осылайша ол әлемдік рекордты жаңартып отыр.

Криштиану Роналду Кувейт сапында 196 ойын өткізген Бадер Аль-Мутавты артқа тастап кетті.

Сондай-ақ, Малайзия құрамасынан Со Чин Энна ұлттық құрама жейдесінде 195 кездесу өткізген еді.

TuraNews

Back to top button