БастыҚоғам

Көшпенділер ойындары: Түркиядан шыққан саяхатшылар Ақтөбенің Темір ауданына аялдады

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігі Түркияның Анкара қаласынан шыққан саяхатшы ерлі-зайыптыларды Ақтөбе-Астрахань тасжолынан күтіп алды. Оларға құрмет көрсетіп, дәм ұсынды, деп жазады Kazinform агенттігі.

Темір аудандық әкімдігінің хабарлауынша, аудан әкімі Саламат Аманбаев түрік саяхатшы-блогерлері Бурак Дуран және жұбайы Идил Дуран және түрік журналисі Энес Илдыриммен кездесті.

көшпенділер ойыны
Фото: instagram.com/temir_akparat

— Кездесу барысында Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымшы іс-шаралар барысы талқыланды. Аудан басшысы бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтіп, ақ жол тілеп, өзінің арнайы сыйын табыстады. Өз кезегінде түрік саяхатшы-блогерлері құрмет үшін алғысын білдірді. Қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм ұсынылып, аудан өнерпаздары мен жастары сый-құрметтерін көрсетті. Олар Ақтөбе-Астрахань автомагистралі бойындағы “Бопай” жол бойы қызмет көрсету орталығына орналасты. Темір өңірінің ерекше тарихы таныстырылды, — деп хабарлады Темір ауданының әкімдігі.

көшпенділер ойыны
Фото: instagram.com/temir_akparat

Еске салсақ, бұған дейін түрік ағайындар Ақтау қаласына аялдады.

көшпенділер ойыны
Фото: instagram.com/temir_akparat

Олар 8-15 қыркүйек аралығында өтетін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы келе жатыр.

автобуспен келді
Фото: instagram.com/temir_akparat

TuraNews

Back to top button