
Бұл туралы ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулеску жастарға арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді.
Оның айтуынша, осындай маңызды іс-шараның қазақ даласында өтуі бекер емес. Мәдениетке бай, тарихы терең елдің жастар үшін биылғы дала ойындарының берер тәлімі мол.
Айта кетейік, дүбірлі дода ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтіп жатыр. Өйткені Дүниежүзілік көшпенділер ойындары халықаралық ұйымның, материалдық емес, мәдени мұралар тізімінде.
2Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, расымен де, нағыз ұлттық құндылықты сипаттайтын керемет шара. Сондықтан да ЮНЕСКО-ның заттай емес, мәдени мұраларының тізіміне енді. Бұл – мереке. Сондықтан барлық ұйымдастырушылар мен қазақ халқын құттықтаймын», — деп айтты Симона Мирела Микулеску, ЮНЕСКО бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы.