БастыМәдениет

«Көроғлы» спектаклі ТҮРКСОЙ театр фестивалінде жоғары бағаға ие болды

Ақтауда өтіп жатқан «ІІІ Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі»түркі халықтарының көне эпостары негізінде жазылған «Көроғлы» қойылымы көрерменге жол тартты.

2025 жылдың ақпан айында тұсауы кесілген әрі 1 сағат 30 минутқа созылған қойылым түркі әлемі өнерпаздары мен ақтаулық театр сүйер қауымның зор ықыласына бөленді.

Түркі эпос дәстүрінің тереңінен нәр алған туындыда, Тәңірдің қалауымен жер бетіне жіберілген айрықша қаһарман Көроғлының түркі халықтарын Шағдат ханның қараңғы құлдығынан құтқарып, азаттыққа жеткізу жолындағы күресі суреттеледі. Сахнада тек бір батырдың емес, бүкіл түркі дүниесінің болашағына қатысты ортақ құндылықтар мен әділет ізденісінің символы бейнеленеді.

Қойылымды тамашалаған ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев театрдың халықтар арасында мәдени көпір екенін атап өтіп: «Театрда ортақ тіл қалыптастырудың жолы – ортақ құндылықтар негізінде туындылар жасау» деді. Сондай-ақ ол түркі әлемінің бай эпостық мұрасын осындай шығармалар арқылы жаңа ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына назар аударды.

Туынды өз саласында білікті шығармашылық топтың қажырлы еңбегінің арқасында сахнаға шығарылды. Режиссерлік және жарық қою жұмыстарын «Асамти» сыйлығының иегері Гавлар Алай атқарды. Сахна мен костюмдерді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет саласында ерекше табысқа жеткен Гүлдана Алина жасады. Режиссер ассистенттері – Еркебұлан Бекен мен Ерболат Орынғали, композитор – Қайрат Ақтаев, жарық қоюшы – Назым Утесинова, музыка өңдеушісі – Азат Әшірбаев, театр директоры – мәдениет саласында ерекше табысқа жеткен Айдос Тастаев және көркемдік жетекші – «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Үздік қызмет» медальді Медғат Өміралиев қойылымның алдыңғы қатарлы есімдері болды.

Source
TURKSOY

TuraNews

Back to top button