БастыҚоғамСаясатТехнологияТуризмЭкономика

Корея президентінің Өзбекстанға сапары: Тараптар 17 құжатқа қол қойды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлдің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында 17 құжатқа қол қойылды,

Юн Сок Ёлді Өзбекстанға сапары «Көксарай» резиденциясындағы ресми күтіп алу салтанатынан басталды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәртебелі мейманды жылы қарсы алды. Мемлекеттік әнұрандар шырқалды, артынша екі ел басшылары ресми делегация мүшелерімен амандасты.

Юн Сок Ёль ва Мирзиёев
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Суретке түсу рәсімінен соң мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз өткізді.

Оның барысында саяси, сауда-экономикалық, технологиялық және басқа да маңызды салалар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелері қаралды.

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ресми Сеул Ташкенттің жетекші сауда және инвестициялық серіктестерінің қатарына кіреді. Былтыр өзара тауар айналымы 2,5 мдрд долларға жетіп, корей инвестициясының көлемі 7,5 млрд доллардан асып түсті.

Сондай-ақ, кездесу аясында тараптар екі елдің әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану, ірі технологиялық жобаларды ілгерілету және серіктестіктің жаңа моделін қалыптастыруға уағдаласты.

Өзбекстан-Корея
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Бұған қоса Юн Сок Ёль мен Шавкат Мирзиёев қауіпсіздік пен қорғаныс саласында, оның ішінде киберқылмыс, терроризм және экстремизммен күрес саласында тығыз байланыс орнатуға ерекше назар аударды.

Бұл кездесуден соң тараптар кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Онда өзбек-корей қатынастарын одан әрі дамыту және тереңдету мәселелері жан-жақты талқыланды.

«Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарыңызды біздің елмен және өңірмен көпжоспарлы ынтымақтастықты дамытуға зор көңіл бөлудің тағы бір жарқын дәлелі деп санаймыз», — деді Шавкат Мирзиёев.

Бүгінгі таңда Кореяның қатысумен Өзбекстанда энергетика, химия, автомобиль, электротехника, тоқыма және басқа да салаларда 726 бірлескен кәсіпорын іске қосылған.

Өзбекстан-Корея
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Келіссөз барысында тараптар алдағы 3 жылға арналған өзбек-корей арнайы стратегиялық серіктестігінің жоғары технологияларға негізделген жаңа бағытын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Шавкат Мирзиёев пен Юн Сок Ёль арасында өткен кездесу қорытындысы бойынша президенттер бірлескен мәлімдемеге және екіжақты 17 құжатқа қол қойды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button