БастыСпорт

Конференция лигасы: «Астана» мен «Тобыл» алғашқы ойындарын өткізеді

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Астана» мен «Тобыл» алғашқы ойындарын өткізеді.

«Астана» Қазақстан уақытымен 21:50-де сырт алаңда Молдованың «Милсами» командасымен шеберлік байқасады, деп жазады Kazinform агенттігі

«Милсами» 2005 жылы құрылған. 2014 жылы ел чемпионы атанды. Молдованың екі дүркін Кубок иегері болды. Команданың бас бапкер Игорь Пикащук бірнеше жыл бұрын қазақстандық «Ақжайықты» Қазақстан кубогының финалына дейін алып шыққанын айта кетейік.

Аталған клуб 2012 жылы Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Ақтөбеге» (4:2, 0:3) жол берген еді.

Ал, қостанайлық «Тобыл» Қазақстан уақытымен 23:00-де сырт алаңда Швейцарияның «Санкт-Галлен» клубымен жасыл алаңға шығады.

«Санкт-Галлен» 1879 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінде 1903/04, 1999/2000 жылдардағы маусымда екі мәрте чемпиондық атақты жеңіп алған.

Айта кетсек, бұдан бұрын қостанайлық клуб Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қостанайлық «Тобыл» екі ойынның нәтижесімен Словакияның «Ружемберок» (1:0, 2:5) клубына есе жіберді.

Ойындар «Sport Plus Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

TuraNews

Back to top button