БастыМәдениет

Көкшетауда «СӘЛЕМ» 2-халықаралық комедия фестивалі өз мәресіне жетті

2024 жылдың 1-5 мамыры аралығында Көкшетауда ТҮРКСОЙ, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтің 90 жылдығына арналған «СӘЛЕМ» 2-халықаралық комедия фестивалі өз мәресіне жетті.

Көрермендер Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының, «Astana Musical» мемлекеттік театрының шығармашылық ұжымының (Рэй Кунидің «13 нөмірі»), С.Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ сазды-драма театрының (Ж.Б.Мольердің «Сараң»), Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының (Баққожа Мұқай «Тойы көп үй»), С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының (Е.Жуасбек. Н.Жұманиязов Үйлену»), Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының («Өлдік те құрметті болдық»), Түркістан қаласынан Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрының (А.Айларовтың «Келісімшарт бойынша қалыңдық»), Түркия Республикасының Стамбул Мемлекеттік театрының «Профессионал» спектаклінің, Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік «Пантомим» театрының («Последний штрих») әртістері ұсынған қойылымдарды тамашалады.

Фестиваль қорытындысы бойынша «Үміт» аталымы – 300 мың теңге ақшалай сертификатпен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының «Сараң» комедиясы, «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» – 300 мың теңге ақшалай сертификатпен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрының «Келісімшарт бойынша қалыңдық» қойылымы (Авторы: Асахмат Айларов, Қоюшы режиссері: Нұржан Ізтаев), «Үздік ер адам» бейнесі аталымы – 400 мың теңге ақшалай сертификатпен Ғабит Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Тойы көп үй» комедиясындағы (Авторы: Баққожа Мұқай, қоюшы режиссері: Мұрат Ахманов) Заңғар рөлі үшін Сафуан Шаймерденов, «Үздік әйел адам бейнесі» аталымы – 400 мың теңге ақшалай сертификатпен Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «Өлдік те құрметті болдық» қойылымындағы (Авторы: Холик Хурсандов, режиссері: Бекболат Құрманғожаев) Айдана рөлі үшін, ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұржамал Қаламбаев, «Үздік актерлық дуэт» аталымы – 500 мың теңге ақшалай сертификатпен Түркия Республикасының Стамбул Мемлекеттік театрының «Профессионал» қойылымындағы (Авторы: Душан Кавакаевич, қоюшы режиссері: Ышыл Касапоғлы) рөлдері үшін Йеткин Дикинджилер және Бюлент Эмин Ярар, «Үздік пантомималық қойылым» аталымы – 600 мың теңге ақшалай сертификатпен «Последний штрих» қойылымы (Авторы және режиссері Хан-заде, Бахруз Ахмедли) үшін Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік «Пантомим» театры, «Үздік актерлық ансамбль» аталымы – 800 мың теңге ақшалай сертификатпен «Үйлену» қойылымы үшін (Авторы: Е. Жуасбеков, қоюшы режиссері: Н.Жұманиязов) Сәкен Сейфулин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры, «Үздік комедиялық қойылым» аталымы – 1 миллион теңге ақшалай сертификатпен «Номер 13» қойылымы үшін (Авторы: Рэй Куни, қоюшы режиссері: Е.Нұртазин) «Astana Musical» мемлекеттік театры марапатталды.

Шара соңында сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ-дың Әзербайжан өкілі, Театр менеджерлері бас кеңесінің үйлестірушісі Эльчин Гафарлы ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың сәлемін жеткізді. Сондай-ақ фестиваль ұйымдастыру комитетіне алғыс айиып, жүлделі орындарға ие болған барлық театр ұжымдарын құттықтады. Сөз соңында Гафарлы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры директоры Жарас Қалдаровқа ТҮРКСОЙ ұйымының ескерткіш тақтасын табыс етті.

 

Source
Түрксой

TuraNews

Back to top button