Саясат

Келешекке сенімді қадам

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев өзінің жаңа Жолдауында еліміздің болашағына тікелей әсер ететін аса маңызды мәсе- ле – көші-қон тақырыбын көтерді. Бүгінде ел ішінде де, сырттан да келіп жатқан көші-қон ағымын жүйелі түрде реттейтін нақты тетік жоқ. Бұл жағдай еңбек нарығына ғана емес, әлеуметтік инфрақұрылымға да ауыр салмақ түсіріп отыр.

Астананы мысалға алайық. Қала халқының шынайы саны ресми көрсеткіштерден әлдеқай- да көп. Соның кесірінен мектеп пен балабақша жетіспейді. Емха- наларда ұзын-сонар кезек, тұрғын үйге деген сұраныс еселеп артып отыр. Тіпті қала бюджетінің тең жартысынан астамы осы әлеу- меттік шығындарға жұмсалуда.

Мұндай жағдайда даму қарқынын тежейтін басты фактор реттел- меген көші-қон екені айқын.

Осы олқылықтың орнын тол- тыру үшін бірыңғай цифрлық жүйе енгізу — дер кезінде қабылданған шешім. Бұл жүйе нақты статисти- ка жинап, ертеңгі күнді болжауға және мемлекеттік саясатты тиімді жүргізуге жол ашады.

Алайда, мәселені шешу- дің жалғыз амалы бақылау емес. Президент атап өткендей, көші-қонды басқару экономика- лық және әлеуметтік саясаттың өзегіне айналуы тиіс. Яғни, әр өңір халыққа тартымды болуы қажет. Жаңа жұмыс орындары ашылсын. Әлеуметтік нысандар сапалы қызмет көрсетсін, тұрғын үй қолжетімді болсын. Сонда ғана жұртшылық Астанаға ағыл- май, өңірлерде тұрақтап, елдің теңгерімді дамуына үлес қоса алады.

 

Қайрат ӘЛСЕЙІТҰЛЫ,

Жезді кенті әкімі аппаратының бас маманы.

TuraNews

Back to top button