БастыМәдениетТуризм

Келер жылы Түркістан қаласы ерекше мәртебеге ие болады

Түркістанға ерекше мәртебе беру қаланың түркі әлемінің рухани астанасы ретінде әлеуетін арттырады.

Парламент Мәжілісі Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеп жатыр, деп жазады TuraNews.kz порталы 24.kz-ге сілтеме беріп.

Құжатта көзделген нормаларға сай, жергілікті билікке шаһарды дамыту үшін бірқатар жаңа құзіреттер беріледі. Туристік саладағы қолөнер шеберлеріне субсидия түрінде қолдау көрсетіле бастайды. Сондай-ақ заң жобасы Түркістанға инвестиция тарту көлемін арттырып, инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды. Алдағы жылдары қаланың туристік тартымдылығы артып, экономикалық өсімі молаяды деген жоспар бар.

Түркістан — Орталық Азия мен Тұран даласындағы көне қала. Тарихшылар араб жазбаларынан алынған деректерде оның Шавғар деген алғашқы атауы болғанын айтады. XІV ғасырда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынған кейін шаһар Түркі әлемінің діни орталығына айналды. Енді міне, мыңжылдықтарды артқа тастап, киелі жер рухани және тарихи орталығымыз ретінде қайта жаңғырады. Түркістанға ерекше мәртебе беру — түркі әлемі үшін маңызы зор бастама.

 

TuraNews

Back to top button