Мәдениет
Trending

Катонқарағайда республикалық поэзия фестивалі басталды

Шығыстың төрінде, киелі сөзді ардақ тұтқан Алтайда қалам қуаты мен руханият мұрасын ұлықтаған тамаша шара ұйымдастырылды

«Төр Алтай Қалиханы мен Дидахметін жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалінде Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры арнайы қойылым сахналады. Олар көрерменді тебірентіп, жүрек қылын шертіп өтті. Қазақ әдебиетінің қос алыбы — Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханұлының шығармашылық келбеті, олар қалам тербеген өрелі ойлар мен асыл сөзге адалдығы сахна төрінде шынайы көрініс тапты.

Көпшілік көңілінен шыққан бұл қойылым — әдебиетке, өнерге, сөз құдіретіне тағзым. Қаламгерлер рухына көрсетілген құрмет олардың мұрасын кейінгі буынға жеткізудің жолы ретінде есте қалары анық.

 

TuraNews

Back to top button