Қоғам

Катонқарағай ауданында 60 киіз үй тігілді

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында жаңа инфрақұрылымдық нысандар салынды.

Бұл әр елден келген қонақтарды қабылдап, мәдени және спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Орталық нысандардың бірі — 1000 орынға арналған жабық манежді ипподром. Бұдан бөлек, 60 киіз үй мен қосымша шатырлардан тұратын қалашық ұйымдастырылды. Қатысушылар мен қонақтардың жайлылығы үшін жарықтандыру және сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 15 санитарлық-гигиеналық қондырғылар орнатылды.

 

TuraNews

Back to top button