
Бұл туралы Әзербайжан сейсмологиялық орталықтың жер сілкінісін зерттеу бюросы хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 12 сәуір күні 22:46–да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқан.
Ленкорандағы жер сілкінісінің күші Рихтер шкаласы бойынша 3,0 балл деп хабарланды.
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қытай территориясында жер сілкінісін тіркегенін хабарлады.


