Басты
Каспий теңізінде 5,9 балдық жер сілкінісі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 03:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Turanews.kz.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 2213 шақырым жерде, Каспий теңізінің акваторийінде орналасты.
- Тербелістің энергетикалық санаты – 12.3.
- MPV магнитудасы –5.9.
- Тереңдігі – 5 км.
- Эпицентр координаттары — 40.37° с.е. 50.86° ш.б.
- MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.