Қоғам
Каспий итбалықтарының саны 300 мыңнан асты
Бүгінгі таңда каспий итбалықтарының саны шамамен 311 мың дарақты құрайды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында қазіргі таңда бірқатар шаралар іске асырылуда. Осылайша, Мемлекет басшысының «Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында табиғи резерват құру» тапсырмасын орындау шеңберінде резерват құрудың жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы әзірленді және әрі қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалатын болады.
Қазіргі уақытта 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді қаржыландыру көзделген.
Жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздеме бойынша 2024 жылдың шілдесіне дейін Каспий теңізінің акваториясында заңды тұлға нысанында мемлекеттік табиғи резерват құру жоспарлануда.