Экономика
Кәсіпкерлерге мүмкіндік: Ұлытау облысында ірі көкөніс қоймасын салуға жеңілдетілген несие беріледі
Облыста агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірқатар бағыт бойынша несие беріледі.
Өңірде көкөністер мен жеміс-жидектер сақтайтын қойманың жоқтығын ескере отырып, «Ұлытау» ӘКК» жылдық мөлшерлемесі 2.5 пайыздан аспайтын тиімді несие беруді қолға алды. Бұл – облыстағы баға деңгейін тұрақтандыру мақсатында аса қажет.
Сонымен қатар кәсіпкерлік корпорация агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзге де бірқатар бағыт бойынша төмендегідей шарттармен жеңілдетілген несие береді.
• Мерзімі – 10 жылға дейін
• Ең жоғары сомасы 5 млрд. теңгеден аспайды
• Жылдық мөлшерлемесі 2.5 пайыз
Несие бағдарламасы бойынша толық ақпарат алу үшін «Ұлытау» ӘКК» АҚ-ға мына мекенжай бойынша жүгіну қажет: Жезқазған қаласы, Бейбітшілік көшесі 23А