Қоғам
Кәсіпкерлерге арналған цифрлы серпіліс

«Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» (КБЖК) – ҚР Қаржы министрлігі жүзеге асырып жатқан тың цифрлы сервистердің бірі.
Бірыңғай жеке кабинетті енгізу ұлттық цифрлы трансформация аясында жүзеге асырылып келеді және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың бір бөлігі болып саналады. Осы арқылы кәсіпкерлер негізгі мемлекеттік және квазимемлекеттік платформаларды пайдалана алады.