Әлем

Кашалоттың ішінен құны 500 мың еуро болатын қалқымалы алтын табылды

Ла-Пальма Канар аралының жағалауына шығып қалған өлі кашалоттың ішінен құны 500 мың еуроға бағаланатын бағалы тас табылды, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық The Guardian басылымының жазуынша, Лас-Пальмас университеті Жануарлар денсаулығы және азық-түлік қауіпсіздігі институтының басшысы Антонио Фернандес Родригес сүтқоректінің өліміне не себеп болғанын анықтамақ болған. Кашалоттың ас қорыту жүйесінде проблема болу мүмкін екендігіне күдіктенген ол тоқ ішегін қарап, оның ішінде қатты бір заттың тұрып қалғанын анықтаған.

«Тоқ ішектен алып шыққаным диаметрі 50-60 см, салмағы 9,5 келі болатын тасқа ұқсайтын зат болды», — деді ол.

Ғалым тапқан зат қалқымалы алтын деп аталатын өте сирек кездесетін сұр амбра болып шықты. Амбра ғасырлар бойына парфюмерлердің қасиетті граалі саналады. Табылған амбраның құны шамамен 500 мың еуро тұрады.

Кит кальмарлар мен теңіз құрттарын өте көп жейді. Сүтқоректі олардың бәрін қорыта алмай құсып тастайды. Бірақ, біразы киттің асқазанында қалып, жылдар өте келе сүр амбраға айналады.

TuraNews

Back to top button