АҚШ президенті Джо Байден Калифорнияда кем дегенде бес адамның өмірін қиған орман өртіне байланысты Италияға сапарын тоқтатты. Сондай-ақ ол штатта апатты жағдай жариялады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ресейлік ТАСС ақпарат агенттігі.
— Президент Байден бүгін полиция, өрт сөндірушілер және аймақтағы тарихи орман өртімен күресіп жатқан төтенше жағдайлар қызметкерлерімен кездесіп, Калифорнияда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін президент Байден кешке Лос-Анджелеске оралып, Италияға алдағы сапарын тоқтатуға шешім қабылдады, — делінген құжатта.
Лос-Анджелестегі өрт сөндіру басқармасының мәліметінше, көптеген үй зақымданған, 10 мыңнан астам тұрғын үй қауіптің астында қалған. Күн бойы өрт аумағы 5,1 шаршы шақырымды құраған.