Kаан: Түркия өзінің тұңғыш жойғыш ұшағын сынақтан сәтті өткізді
Түркия жаңа, бесінші буынды "Kаан" жойғыш ұшағы арқылы әлем бойынша бесінші буынды ұшақтар шығаратын бес елдің қатарына қосылды.
Түркия «Kаан» жойғыш ұшағының прототипін сәтті сынақтан өткізіп, әскери флотқа бесінші буынды қосуға жол ашты.
Түркиян KAAN атты алғашқы әскери ұшағын сәтті ұшырып, сынақтан өткізді. Бесінші буынға жататын KAAN жойғыш ұшағы прототип түрінде болса да Түркияның авиациялық технологиясында айтарлықтай ілгерілеушілікті көрсетеді.
Үздіксіз зерттеулер мен әзірлемелер мен жетілдірулерден кейін ұшақты жаппай өндіру жоспарланып отыр, шамамен 2028 жылы қолданысқа енгізілуі күтілуде. Яғни, 2028 жуырда түрік елі өз арсеналындағы ескірген F-4 және F-16 ұшақтарын алмастыру мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ, Turkish Aerospace Industries (TAI) әзірлеген ұшақтың маңызды бір ерекшелігі — оның бірегей қару орналастыру жүйесі. Ол өзінің арсеналын, соның ішінде зымырандарды кәдімгі ұшақтардағыдай сырттан емес, іште тасымалдайды және бұл дизайн жылдамдықпен бірге «Каан»-ға әуе нысандарын жоюда және жердегі жау нысандарына соққы беруде айтарлықтай артықшылық береді.
Сонымен қатар, салмағы 27 тонна және 17 шақырымға дейін биіктікке көтеріле алатын бұл әскери ұшақ жауынгерлік сценарийлерде маңызды болып табылатын ерекше маневрлік қабілетке ие. Құпиялылық мәселелеріне байланысты нақты сипаттамалар ашылмағанымен, ұшақ әсерлі өнімділік көрсеткіштерін көрсетеді.
Ең жоғары жылдамдығы сағатына 2205 шақырымды құрайтын ұшақ қанатының ұзындығы — 14 метр, тұрқы (биіктігі) – 6 метр, ұзындығы – 21 метрді құрайтын «Kаан» жойғыш ұшағыТүркияның технологиялық шеберлігінің айғағы болып табылады.
Түркия жаңа, бесінші буынды «Kаан» жойғыш ұшағы арқылы әлем бойынша бесінші буынды ұшақтар шығаратын бес елдің қатарына қосылды.