Туризм

Жыл басынан бері Анталияға 4 миллион турист келді

Анталияға әуе жолдары арқылы келген турист саны биыл 4 миллионнан асты, деп жазады Turanews.kz.

Қала әкімшілігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда теңізі, құмы, күні және табиғи сұлулығымен Жерорта теңізінің ең маңызды туризм орталықтарының бірі болып табылатын қаланың 2023 жылғы туризм деректерінің артуы жалғасуда.

Өткен жылдың 1 қаңтары мен 10 маусымы аралығында әуе жолдары арқылы 2 миллион 968 мың 536 турист келген Анталия биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 37 пайыздық артумен 4 миллион 62 мың 891 қонақты күтіп алды.

Биылғы жылы туристер саны өткен екі жылдың сәйкес кезеңіндегі жалпы келушілер санынан асып түсті.

TuraNews

Back to top button