Спорт

Жүзуден Ресей чемпионы Қазақстан құрамасына ауысты

Жүзуден Ресей чемпионы София Сподаренко Қазақстан құрамасына ауысты, деп жазады Turanews.kz.

«Иә, бұл ақпарат рас», — деп қысқа қайырды Су спорты түрлері федерациясының атқарушы директоры Руслан Жолдыбаев.

Айта кетейік, София Сподаренко Өскемен қаласында дүниеге келген. Әкесі халықаралық санаттағы спорт шебері. Анасы да спортшы. Ол жеңіл атлетикамен және фитнеспен айналысқан.

2018 жылы Ресей чемпионатында София баттерфлямен 100 метрге жүзеден 4-ші орын алған болатын. Бұл сол уақыттағы спортшының ең үздік нәтижесі еді. Осыдан кейін ол 50 метрлік қашықтықта жүзе бастады. Нәтижесінде ол 26,52 көрсеткішпен спорттың мансаб жолында алғаш рет Ресей чемпионы атанды.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button