Мәдениет

Жүзімнің отанының Анадолы екенін білетін бе едіңіз?

Жүзім — тарихтағы ең көне жемістердің бірі. Отаны болса Анадолы… Жүзімді өсіру үшін ең қолайлы климат және топырақ жағдайына ие Анадолыда шамамен алты мың жылға жуық жүзім шаруашылығы айналысады.

Анадолыда жүзім өсіру хеттерден бастау алады. Анкарадағы Анадолы өркениеттері мұражайында хеттерден қалған б.з.д. 3000 жылдарға тиесілі таза алтыннан жасалған шарап құмырасы мен шарап шынысы Анадолыда табылған ең көне шарап ыдысы ретінде белгілі.

Парсы тілінде жүзім деген мағынаға келетін «Энгүрү» сөзі де Анкара туралы айтылған атаулардың бірі.

Анкара мен айналасы тарих бойынша жүзім өсірілген ең маңызды аймақтардың бірі болғандықтан «Энгүрү» деген атауы ұзақ уақыт қолданылады. Түркияның әрбір аймағында жүзім өсірілсе де, жүзімнің бас қаласы Эгей аймағында орын алатын Маниса қаласына қарасты Алашехир ауданы. Алашехирде өсетін дәнексіз жүзім дәмі, ароматы және құрылымымен «Сұлтандарға лайық» деп саналғаны себепті «Сұлтанийе» деп аталған. «Сұлтанийе жүзімі» таза және кептірілген түрде Еуропадан бастап 122 елге экспортталады.

Ми денсаулығынан қорыту жүйесіне, тері денсаулығынан ісікке дейін көптеген салада пайдалы екені белгілі жүзімнің кептірілген күйі де денсаулыққа маңызды пайдалар әкеледі.  Кептірілген жүзімнің құрамындағы бор минералдары мидың функцияларын арттырып, назар аударуды күшейтеді. Сүйек пен жүйке тінін нығайтатын, бұлшықеттердің жұмысына көмектесетін және жүрек соғысын реттейтін магний минералына өте бай. Сондай-ақ оның құрамында қанның түзілуіне қажетті темір минералы бар. Ондағы калий жүйке жүйесі мен жүректің тұрақты жұмыс істеуіне көмектеседі. Қысқасы жылдың төрт мезгілінде тауып жеуге болатын жүзімнің пайдасы санаумен бітпейді.

 

Source
TRT Net

TuraNews

Back to top button