ҚоғамЭкономика

Жұмыспен қамту орталықтары 1 шілдеден бастап мансап орталығы болып қайта құрылды

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде 1 шілдеден бастап Қазақстанда облыс орталықтары мен мегаполистерде 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылды. Ал жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары мансап орталықтары болып қайта құрылды, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Еңбек мобильділігі орталығы – бұл облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың еңбек нарығын үйлестіретін және басқа өңірлермен өзара іс-қимыл жасайтын ұйым. Аудандық деңгейде таратылатын жұмыспен қамту орталықтарының функцияларын жүзеге асыратын болады», — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Бұл ретте қазіргі уақытта жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, ерікті қоныс аудару, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша іс макеттерін қалыптастыру бойынша көрсетілетін қызметтердің барлық спектрі сақталды және оларды көрсету сол мекенжайлар бойынша орналасқан мансаптық орталықтарда жалғастырылады.

Жұмыспен қамту жүйесін одан әрі дамыту мақсаттарының бірі барлық қызметтер мен қолдау шараларын толық цифрландыру болып табылады. Бүгінгі таңда электронды еңбек биржасы платформасынд www.enbek.kz және мобильді қосымшада Enbek.kz цифрлық жұмыспен қамту орталығы іске асырылды.

«Цифрлық жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыссыз ретінде тіркелуге, жұмысынан айырылу бойынша төлем алуға, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алуға, кәсіпкерліктің қажетті дағдылары мен негіздерін үйренуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еліміздің барлық өңірлерінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын құру жолымен онлайн форматта және мансап орталықтарында жұмыспен қамту қызметтерін көрсетуді масштабтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды», — деп атап өтті Асқар Ниязов.

Онлайн қызметтерді іске қосу халықтың жұмыспен қамту органдары қызметкерлерімен тікелей байланысын азайтуға және азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда жұмыспен қамту саласында қызмет алуға өтініш білдірген азаматтардың шамамен 77%-ы электронды еңбек биржасы арқылы онлайн-форматты пайдаланады.

TuraNews

Back to top button