Еуропалық сыртқы істер қызметінің хабарлауынша, Жозеп Борреллдың ресми сапары бүгін 1 тамызда Қазақстаннан басталып, екі күнге созылады. Мұнда Боррелл ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты кездесу өткізеді. Кездесуден кейін бірлескен баспасөз мәслихаты өтеді. Сол күні Боррелл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.
«Алдағы сапар Еуропалық Одақ үшін Орталық Азияның екі елімен және жалпы аймақпен қарым-қатынасты нығайтуға өзінің бейілділігін растау үшін маңызды мүмкіндігі болады», денілген хабарламада.
Сенбі күні Боррелл Қырғызстанға барып, онда сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен екіжақты кездесу өткізеді. Төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжікеевпен де бөлек келіссөздер жоспарланып отыр.