БастыСпорт

Жозе Моуриньо ресми түрде Фенербахченің бапкерлік тізгінін қолына алды

Мен түрік футболының игілігі үшін жұмыс істейтін боламын – "Фенербахче" футбол клубының жаңа бас бапкері

2 маусымда Ыстанбұлдың Фенербахче клубы әлемге әйгілі португалиялық бапкер Жозе Моуриньомен ресми келісімшартқа отырды.

Клубтың баспасөз қызметі португалдық маманның тағайындалғанын жергілікті уақыт бойынша 19:00-де  хабарлады.

Кеше Фенербахченің «Үлкер» стадионында өткен келісім-шартқа қол қою рәсімі мыңдаған жанкүйерлердің қатысыуымен салтанатты түрде өтті.

Шара аясында «сары-көк» түсті команданың 30 мыңға жуық жанкүйері қол қою рәсімін тамашалап, Жозе Моуриньоға ұзақ қол соқты.

Трибунадағы жанкүйерлердің қолдауына Жозе Моуриньо рызашылығын білдіріп, махаббаттары үшін алғыс айтты.

Моуриньоның айтуынша, ол өзінің аты Фенербахчемен аталып кеткен сәттен бастап жанкүйерлердің сүйіспеншілігін терең сезінген:

«Әдетте, бапкерлер жеңіске жеткеннен кейін мұндай сүйіспеншілікті сезінеді. Дегенмен, мен оны қазірдің өзінде сезініп жұрмін. Бұл маған үлкен қуаныш сыйлайды және сондай-ақ, мойныма үлкен жауапкершілік жүктейді. Фенербахче футбол клубы — үлкен бip отбасы! Бұл отбасының ажырамас бөлігі болуға уәде беремін және мен түрік футболының игілігі үшін жұмыс істейтін боламын».

Моуриньо «сары-көк» түсті командамен екі жылдық келісімшартқа отырды.

 

TuraNews

Back to top button