Басты
Trending

«Жолдау. 2025 жыл» деректі фильмі Jibek Joly телеарнасында

Президент телерадиокешенінің Деректі фильмдер орталығы түсірген «Жолдау. 2025 жыл» деректі фильмі көрермен назарына ұсынылады.

Деректі фильм «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбы арқау болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауына арналған. Онда Жолдауда айтылған елімізге қомақты инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік-логистиканы одан әрі дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлерді республикамызды цифрлық дамытудың қозғаушы күшіне айналдыру, адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер сынды маңызды мәселелер туралы саясаткерлердің, ІТ мамандарының, ғалымдар мен кәсіпкерлердің салмақты пікірлері қамтылады. Сондай-ақ Президенттің бір палаталы Парламент құру бастамасына қатысты саясаттанушылар ойларымен бөліседі.

Деректі фильмді бүгін сағат 16:30-да көре аласыздар.

TuraNews

Back to top button