Жезқазғанда Рухани келісім күніне арналған «Достық қолын ұсын» қалалық сурет байқауы өтті

Бүгін Жезқазған қаласында Рухани келісім күніне орай ерекше шығармашылық мереке өтті. Іс-шара Жезқазған қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Ұлытау жастары» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Достық қолын ұсын» атты қалалық сурет салу байқауы жас қылқалам шеберлерін бір арнаға тоғыстырып, олардың достық пен татулық тақырыбындағы шығармашылық көзқарасын танытты.
Байқауға қала мектептерінен 83 оқушы қатысып, бейбітшілік пен бірлікті өз қиялдары мен сезімдері арқылы қағаз бетіне түсірді. Қатысушылар түрлі бояу техникасын — акварель, қарындаш, фломастерді шебер пайдаланып, көрермендердің жоғары бағасына ие болды.
🏆 Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:
🥇 1-орын — Бедина Софья
🥈 2-орын — Жамекенова Алия
🥉 3-орын — Ибнимақсұт Нұрай
Барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталып, естелік сыйлықтар берілді.
Бұл байқау балалардың өнер арқылы достық, татулық және өзара сыйластық құндылықтарын сезініп, шығармашылық қабілеттерін дамытатын маңызды алаңға айналды.
Жас суретшілерге шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тілейміз!



