Қоғам
Жезқазғанда “Отбасылық ағаш отырғызу” акциясы өтті
Жезқазған қаласында Отбасы күніне орай экологиялық және тәрбиелік маңызы зор іс-шара өтті.

Қалалық әкімдік қызметкерлері Наурыз саябағында “Отбасылық ағаш отырғызу” акциясына қатысты, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Игі шара отбасы құндылықтарын насихаттау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Балалар мен ата-аналар бірлесіп ағаш отырғызу арқылы табиғатты аялау мен отбасылық бірліктің маңыздылығын ұғынды.
Іс-шара барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы пікір алмасып, қала көркейтуге өз үлестерін қосты.