Экономика

Жезқазған қаласында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуде

Жезқазған қаласында шағын және орта кәсіпкерлік белсенді түрде дамып, жергілікті экономикаға өз үлесін қосуда.

2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы статистикалық көрсеткіштеріне сүйенсек, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7762 бірлікті құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9%-ға өскен (2024 ж. – 7689 бірлік). Сонымен қатар, бөлшек тауар айналымының көлемі де айтарлықтай артқан. 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш 36 млрд 281 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 112,4%-ға өскен (2024 ж. – 32 млрд 274 млн теңге). Жоспарлық межеден асыра орындалып, 112,6% деңгейінде орындалды. Нақты көлем индексі (НКИ) – 103,6%.

Ал ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында бөлшек тауар айналымының күтілетін көлемі 40 млрд теңгені құрайды, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңіне шаққанда 102%, ал жоспарға шаққанда 103%.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында мемлекет тарапынан бірқатар тиімді құралдар қолданылуда. 2025 жылдың есепті кезеңінде 346 млн теңге сомасына 7 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.

Жезқазған қаласында шағын және орта кәсіпкерлікке жасалып жатқан қолдау – жергілікті экономиканы әртараптандыруға, жұмыс орындарын құруға және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

 

TuraNews

Back to top button