Жезқазған қаласы әкімінің кубогіне арналған мектеп оқушылары арасындағы дебат турнирі өз мәресіне жетті

Жезқазған қаласы әкімінің кубогіне арналған мектеп оқушылары арасындағы дебат турнирі өз мәресіне жетті. Аталған іс-шараны Жезқазған қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Турнирдің негізгі мақсаты – оқушылардың сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шешендік өнерін шыңдау, сонымен қатар жастар арасында көшбасшылық қасиеттер мен азаматтық белсенділікті қалыптастыру болды.
Биылғы пікірсайысқа Жезқазған қаласының 14 мектебінен 16 команда қатысып, өз білімдері мен шешендік қабілеттерін ортаға салды. Дебаттар Американдық парламенттік форматта өтті, бұл қатысушыларға нақты дәлелдер келтіріп, өз көзқарастарын сенімді қорғауға мүмкіндік берді.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
🥇 1 орын – Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№8 гимназиясы» КММ-нің «ҚазГим қырандары» командасы;
 🥈 2 орын – Ұлытау облысы білім басқармасының №3 БИЛ-дің «BIL.KZ» командасы;
 🥉 3 орын – Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының «Абай бол» командасы.
Турнир барысында ерекше шешендігімен және өзіндік көзқарасымен көзге түскен №1 жалпы білім беретін мектептің «Шыңға шық» фракциясының спикері Игенова Мадина «Үздік спикер» атанды.
Жеңімпаздарға төмендегідей сыйақылар табысталды:
• 1 орын – 200 000 теңге
 • 2 орын – 150 000 теңге
 • 3 орын – 100 000 теңге
 • «Үздік спикер» – 50 000 теңге және сертификат
Сонымен қатар барлық қатысушыларға Power Bank құрылғылары сыйға тартылды.
 Бұл турнир Жезқазған қаласындағы оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттыруға, пікірталас мәдениетін дамытуға және жас буынның қоғамдық өмірге белсенді араласуына серпін берді.
Осындай жобалар жастардың тұлғалық дамуына және олардың өз мүмкіндіктерін кеңінен көрсетуіне жол ашады.



