Қоғам
Trending
Жезқазған қаласы әкімдігі Төтенше жағдайлар қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Жезқазған қаласы әкімдігі Республика күніне орай Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Іс-шара барысында қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің батылдығы мен жанқиярлығы атап өтілді. Сондай-ақ, бірқатар құтқарушыларға қала әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.
Шараға қатысушыларға жылы лебіздер айтылып, олардың халық алдындағы жауапты қызметіне жоғары бағалар берілді.
Ел игілігі мен қауіпсіздігі жолында абыроймен қызмет етіп жүрген барлық құтқарушыларға мықты денсаулық, отбасылық амандық және кәсіби табыс тілейміз!



