Қоғам
Жезқазған полицейлері ерлік пен батырлықты еске алды
Бүгін Жезқазған қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында қызмет барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына тағзым етті.

Олар бейбіт күннің батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Салтанатты іс-шараға Жезқазған қаласы Полиция басқармасының басшылығы және жас қызметкерлер қатысты. Іс-шара барысында жиналғандарға қаза тапқан әріптестердің ерліктері, олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жанқиярлық еңбектері туралы айтылды.
«Біз бүгін қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан батырларымызды еске алу үшін жиналдық. Олардың әрқайсысы – біздің есімізде мәңгі сақталатын ерлік пен қаһармандықтың үлгісі. Олардың аты қашанда қазақстандық полицияның тарихында алтын әріптермен жазылып қала береді,» – деді Жезқазған қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Жанғазы Жанділдин