Жезқазған музыкалық колледжінде алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Ұлытау облысындағы өнер мен мәдениет саласының мамандарын даярлайтын жалғыз оқу орны — Жезқазған музыкалық колледжі — өзінің 1961 жылдан бергі тарихында алғаш рет күрделі жөндеуден өтуде. Бұған дейін әр жылдары тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Жөндеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде ғимараттың қас беті жаңартылып, су құбыры мен электр жүйесі толық жаңғыртылуда.
Екінші кезеңде – ноу-хау технологиялар қолданылады: ғимараттың негізгі тірек конструкцияларын Мәскеу қаласында өндірілген көміртекті талшықпен күшейту жоспарлануда. Бұл әдіс дәстүрлі металл құрылғыларымен салыстырғанда жеңіл әрі ғимаратқа артық салмақ түсірмейді.
Қаржыландыру жергілікті облыстық әкімдік тарапынан бөлінбек.
Қазіргі уақытта колледж өзінің қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр, соның ішінде қабылдау комиссиясы да үзіліссіз қызмет атқаруда.