Қоғам

ЖЕЗДІ КЕНТІНДЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТОР ЕСЕБІНЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛЫНУДА

Ұлытау ауданы халқын баспанамен қамту мақсатында Жезді кентінде жеке инвестор есебінен 2 пәтерлі 2 тұрғын үй салынып жатыр.

Маусым айында басталған тұрғын үй құрылыс жұмыстары қарқынды. Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің қабырғалары қаланып, шатыры жабылып, жылыту жүйелерінің құрылыс жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын қазан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кететін жағдай, Ұлытау ауылында 2 пәтерлі 6 үй, Қарсақбай кентінде 2 пәтерлі 1 үйдің құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Әр пәтердің ауданы 88,6 шаршы метр, қоршауы және шаруашылық үшін сарай қарастырылған. Аталған нысандар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестіріледі.

TuraNews

Back to top button