Қоғам
Trending

Жетісайдағы өрт: Аман қалғандардың бірі есін жиды

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасов мәлімдеді.

Ол Алғабас ауылындағы қанды өрттен аман қалғандардың жай-күйіне қатысты жаңа мәлімет берді, деп жазады TuraNews.kz сайты.

Шенеуніктің айтуынша, зардап шеккендердің бірі есін жиған. Үшеуі де – бір отбасының мүшелері: ер адам, оның жұбайы және қыздары.

– Бір науқас есін жиды. Үшеуінің де жағдайы тұрақты, бірақ әлі реанимацияда жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі науқастар емделіп жатқан ауруханамен тұрақты байланыста. Қажет болса, санавиация арқылы Астанаға көшіруге дайын, – деді Жолдасов.

Ол өрттің шығу себебі әзірге белгісіз екенін, нақты ақпаратты тергеу аяқталғаннан кейін полиция жариялайтынын айтты.

– 101 нөміріне қоңырау таңғы 5:38-де түсті. 6 минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Үш адам тірідей шығарылды, бірақ, өкінішке қарай, 12 адамды құтқару мүмкін болмады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

TuraNews

Back to top button