ӘлемЭкономика

Жер сілкінісінен Түркияға $100 млрд шығын келген

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен келген материалдық шығын көлемі 100 миллиард доллардан асады. Бұл туралы БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасының өкілі мәлімдеді.

Оның айтуынша, зілзаладан 600 мыңдай ғимарат қирап, 3 миллионға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындардың қалыпты өмірге оралу үшін, қалаларды қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп, дұрыс жүргізу маңызды деп атап өтті ұйым өкілдері. Түркияда зілзаладан 46 мыңнан астам адам бақилық болды.

Еске сала кетсек, Түркияда ақпанда болған жер сілкіністері салдарынан қаза тапқанар саны артқаны белгілі болды. Ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның хабарлауынша, зілзала салдарынан 46 104 адам көз жұмған.

Source
24.kz

TuraNews

Back to top button