Мәдениет

«Жеңіс сүйіншісі»: Ыстанбұлда атақты әзербайжандық суретші Эльдениз Бабаевтың көрмесі ашылмақ

Әзербайжан Республикасының 105 жылдығына, Түркия Республикасының 100 жылдығына және Гейдар Әлиевтің туғанына 100 жыл толуына орай 27 маусымда Ыстанбұлда әзірбайжандық суретші Эльдениз Бабаевтың көрмесі ашылады.

ТҮРКСОЙ, Стамбұлдағы Әзербайжан Республикасының Бас консулдығы, Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі, Түркиядағы Әзербайжан мәдени орталығы, Әзербайжан Ататүрік орталығы, Әзербайжан халықаралық байланыстар орталығы (Әзербайжан-Түркия қоғамдастығы), Түркі қолжазбалар қауымдастығы, Әзербайжан әуе жолдары, Әзербайжан Суретшілер одағы, Art Factory, Баку кескіндеме галереясы және Йени Галерея Баку бейнелеу өнері орталығының ұйымдастыруымен өтетін көрме «Ататүрік мәдени орталығындағы» Өнер галереясында көпшілікке ұсынылмақ.

Шарада суретшінің сексенге жуық туындысы, портреттері, натюрморттары мен күнделікті өмір және тарихи тақырыптарға арналған шығармалары көрермен назарына ұсынылмақ. Сондай-ақ Әзербайжан-Түркия достығын бейнелеп, «бір ұлт, екі мемлекет» деген ұғымның мәнін ашатын туындылар мен бүгінгі күннің тыныс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрі мен мәдениетін таныстыратын шығармалар ел назарына ұсынылмақ.

Айта кетейік, көрме 5 шілдеге дейін созылмақ.

TuraNews

Back to top button