Қоғам

Жазушы Әлібек Асқаров ШҚО-ның “Құрметті азаматы” атанды

25-қазан – Республика күні қарсаңында облыста еңбегі еленген бірқатар азаматтар марапатталды. 

Еңбекте нәтижеге қол жеткізген бірқатар азаматтар, еңбек адамдары алғыс арқалап, кеуделеріне “Еңбек ерені үшін” медалін тақты. Олардың ішінде қарапайым тракторшыдан бастап, шенеунікке дейін бар.

Ал, Қазақстанның белгілі жазушысы, Катонқарағай ауданының тумасы Әлібек Асқар “Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы” атанды.

Әлібек Асқар ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте табанды еңбек еткен. Сонымен қатар, шығармашылықтан да алыстаған жоқ. Керісінше, жүздеген кітаптар жазды. Жазған әңгіме, повестері басқа да тілдерге аударылды. Атап айтсақ, “Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді?!”, “Ерте түскен бозқырау”, “Алтайда қоңыр күз еді”, “Монолизаның портреті” сынды туындылардың авторы. Жуықта ғана “Якутия. Ақ қар, көк мұз мекеніне саяхат” атты сафари жанрындағы кітабы жарық көрді.

Салтанатты шарадан соң марапатталғандар естелік суретке түсті.

Сондай-ақ, “Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы” атағы Борис Щербаковке, Сағынбек Ақановқа, Ғани Шаймардановқа берілді.

TuraNews

Back to top button