БастыСпорт

Жазғы универсиада: Қазақстан медальдар кестесінде 17-орында тұр

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими чемпион атанғаннан кейін Қазақстан медальдар кестесінде 17-орынға көтерілді, деп хабарлайды Turanews.kz.

Милад Карими спорттық гимнастикадан финалдық сатыда алтын медаль алғаннан кейін еліміздің құрамасы медальдар кестесінде 17-орынға көтерілді.

Қазіргі таңда Қазақстан спортшыларының қаңжығасында 2 алтын, 7 күміс, 10 қола, барлығы 19 медаль бар.

Жазғы универисада 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстандық 93 атлет спорттың 11 түрінен сайысқа түсуде.

TuraNews

Back to top button