Басты
Жасыл Қызылорда: жастар 50-ден астам ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» акциясы – Қызылордада жалғасын тапты.
Қызылорда қаласының жастары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене атсалысты.
Қала шетіндегі ботаникалық саябақта өткен сенбілікке ерікті жастар, жастар ұйымдары мен «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты. Іс-шара аясында 50-ден астам жас көшет отырғызылды.
Мұндай экологиялық бастамалар өңірде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған қаланы көгалдандыру – әрбір азаматтың ортақ парызы.