Қоғам

Жастардың саяси сауаттылығы – жарқын болашақ кепілі

Бүгін Ұлытау облысының Қарсақбай кентінде жастармен бірге өте маңызды әрі мазмұнды күн өткізді. Конституциялық реформалар аясында өткен семинар-тренингте жастардың жалынын, жаңа өзгерістерге деген құштарлығын көрдік.

Біз тек тыңдап қана қоймай, “Мемлекеттің дамуына мен қалай үлес қоса аламын?” деген сұрақ төңірегінде қызу талқылау жасадық. Әрбір жастың даусы, әрбір белсенді қадам – еліміздің ертеңі үшін маңызды.

Елдің ертеңі – білімді, белсенді және жауапты жастардың қолында!

TuraNews

Back to top button