Қоғам
Жастардың даусы – мемлекеттің болашағы

Бүгін Ұлытау облысында жастар арасында «Қоғамның конституциялық құндылықтары» тақырыбында мазмұнды лекция өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға Конституцияның маңызы, адам құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және азаматтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.
Жастар өз пікірлерін білдіріп, белсенділік танытып, маңызды тақырып төңірегінде ой алмасты.
Мұндай кездесулер – жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамға деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.



