«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлы трансформация мен болашаққа бағдар»

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің алдағы дамуындағы маңызды бағыттарды айқындап, жаңа тарихи кезеңге тосқауылсыз қадам басталғанын жария етті. Бұл Жолдау — тек сөз емес, нақты стратегия, мақсат және міндеттер жиынтығы.
Жолдаудың басты тақырыптарының бірі — жасанды интеллекттің ықпалы мен мүмкіндері. Президент білім беру жүйесін осы үрдіске лайықтап өзгерту, жасанды интеллект дағдыларын мектептен бастап меңгеру керектігін айтты. Сонымен бірге, педагогтардың дайындығын арттыру, ауыл мектептерін цифрлы құралдармен қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмады.
Жолдауда Парламенттің құрылымы мен басқару жүйесін жетілдіру, халықтың заң шығару үдерісіне қатысуы, жауапкершілікті арттыру мәселелері көтерілді. Бұл — қоғамдағы демократиялық принциптерді күшейтудің бір көрсеткіші.
Мемлекет Басшысы азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз ету, денсаулық, білім беру, әлеуметтік қызметтер саласындағы теңсіздікті жою, отбасыларға, ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға қолдау көрсетуді басты назарға алды.
Бұл Жолдау — Қазақстанның дамуының жаңа деңгейін білдіреді. Әсіресе жас ұрпақ үшін маңызды, себебі бүгінгі өзгерістер олардың болашағына тікелей әсер етпек. Жасанды интеллект пен цифрлық дағдылар оларды әлемдік бәсекеге дайын етеді.
Сондай-ақ, әлеуметтік әділеттілік пен билікке ашықтық, саяси реформалар халық сенімін арттыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға ықпал етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы — еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси түпкілікті өзгерістерге бастайтын бағдаршамы. Ол нақты міндеттерді көрсетіп, цифрлық трансформацияның, білім мен технологияның маңыздылығын айқындады. Егер бұл бастамалар шынайы іске асса, Қазақстан алдағы жылдары өсім мен өркендеудің жаңа деңгейіне көтеріледі. Халықтың әл-ауқаты артып, мемлекет қызметінің сапасы жақсарады.
Орынғожина Сәулеханым Ернарқызы
Жаңаарқа ауданы аналар кеңесінің төрағасы