Үміткерлер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» сынды төрт номинация бойынша анықталады. Әр аталым жеңімпазына 4 млн теңге сыйақы және «Президенттің арнаулы әдеби сыйлығының лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.
Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жас қаламгерлер қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 1 маусымда қағаз және электронды түрде басталып, 30-да аяқталады. Басты шарт – ұсынылатын жұмыстар жаңа, бұрын республикалық және халықаралық байқауларға ұсынылмаған болуы керек. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, әдеби сыйлық дарындарды қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатын көздейді.