
Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінен мәлім еткендей, құрылыс саласында 10,7% өсім байқалды. Сонымен қатар, ауыл, орман және балық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы бағыттарындағы жобалар оң нәтиже бере бастады.
Мұнымен бірге, инфляция былтырмен салыстырғанда 5,2 пайыздан 4,2 пайызға дейін баяулап, халық табысының өсімі 11,9 пайыздан 9,5 пайызға дейін кеміді.
Қоса кетсек, бұған дейін Өзбекстанда қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейгенін жазып едік. Жарты жылдың ішінде біздің ел Өзбекстанда 116 кәсіпорын ашты. Осылайша, қазір ресми Ташкентте қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар саны 1 157-ге теңелді.