ӘлемБасты

Жапонияның оңтүстік-батысында жерасты дүмпулері тыйылмай тұр

Токара аралдар тобы ауданында барлығы 2046-дан астам жерасты дүмпулері сезілген.

Жапонияның метеорологиялық қызметінің мәліметтерінше, 21 маусымнан бастап, елдің оңтүстік-батысындағы шағын аралдарда 2 мыңнан астам жерасты дүмпуі сезілген, деп хабарлайды Kyodo News.

Токара аралдар тобына кіретін Акусэки мен Кодакара аралдарының 60-тан астам тұрғыны эвакуацияланды. Олар шілде айының басында 5,5 магнитудалық жер сілкінісінен соң аралдан кетіп қалды.

Метерология басқармасының деректері бойынша, сейсенбі күні таңдағы жағдай бойынша Токара аралдар тобы ауданында барлығы 2046-дан астам жерасты дүмпулері сезілген, деп хабарлайды NHK World-Japan.

Жергілікті билік өкілдері эвакуацияланған адамдардың үйлеріне қайтуы туралы өтінішті, жиілігі 4 балдан асатын зілзала 5 күн қатарынан қайталанбаса қарауға уәде берді.

Kyodo-ның хабарлауынша, жиілігі 4 балдық жер сілкінісін жаяу кетіп бара жатқан адамдардың көпшілігі сезеді.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button