Әлем

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920-нан асты

Жапонияда бес күннен бері жалғасып жатқан жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 92-ге жетті, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, елдің төтенше жағдайлар қызметі 242 адамның тұрғылықты жерін анықтай алмайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі мен оның салдарынан 250-ден астам тұрғын әртүрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын алған.

Сонымен қатар, табиғи апат аймағында Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері жұмылдырылған құтқару және іздестіру операциясы жалғасып жатыр.

 

 

TuraNews

Back to top button