Әлем
Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 160-тан асты

Жапонияда өткен аптада болған зілзаладан қаза тапқан адам саны 161-ге жетті. Мұны ел билігіне сілтеме жасап, «Франс 24» халықаралық жаңалықтар арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
100-ден аса адам ізім-ғайып болғандар тізімінде. Жолдың бұзылуы шалғайдағы аудандарға жетуге кедергі келтіріп жатыр. Оның үстіне қалың қар іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты.
Бұған қоса, ауыр салмақтан ғимараттарға құлау қаупі төніп тұр. Исикава префектурасында ондаған мың адам әлі электр жарығынсыз, сусыз отыр.